Дамыту және инновация

Біз ғылым мен бизнесті біріктіреміз

Adamed өз елінде, сондай-ақ шет елдерде алдыңғы қатарлы университеттермен және ғылыми институттармен жұмыс істейді.

 

Adamed компаниясының нарықтағы жетістігінің негізгі себебі – зерттеу және дамыту жұмысы, сонымен қатар әлемнің бірнеше ондаған елінің нарығындағы инновациялық өнімдерді тиімді сату.
Біз екі бизнес үлгісін ұстанамыз: басқа елдерде тіркелу және халықаралық нарықтарда өзіміздің тарату арналарымызды құру.

Инновация өркендейтін жер

Adamed компаниясы инновациялық дәрі-дәрмектер бойынша зерттеу және дамыту жұмысын 2001 жылы Польшада алғашқы болып бастады. Күн сайын 250-ге жуық зерттеуші Adamed-пен бірге медицина мен өркениеттің негізгі мәселелерді шешетін заманауи емдеу әдістерін жасау жолында жұмыс істейді.
 

Толыѓыраќ

Біз бизнес идеяларды қолдаймыз

2015 жылдан бері Adamed компаниясы стартап экожүйесін белсенді түрде қолдап келеді. Қаржыландырудан басқа, біз стартаптарға жаңа өнімдер мен қызметтерді құруда алғашқы қадамдар жасауға көмектесетін, сонымен қатар олардың іскерлік белсенділіктерін дамытуға көмектесетін кәсіпорындармен араласамыз. Adamed компаниясы Орталық және Шығыс Еуропа нарықтарындағы дамып келе жатқан технологиялық компаниялардың стартап жобаларына белсене үлес қосады.
 

Толыѓыраќ

ЕО жобалары

Adamed өзінің өршіл жобаларын іске асыру үшін Еуропалық Одақтың құрылымдық қорларына берген өтінішіне қолдау тапты. Компания көрсетілген қолдауды алғаш рет 2006 жылы 2-түрдегі қант диабетін емдеудің инновациялық препаратын жасау жобасын дамыту кезінде пайдаланды. Содан бері компания ЕО қорынан шамамен 200 млн. поляк злотысы көлеміндегі қаражатты әсіресе зерттеу және дамыту саласындағы 20-дан астам инновациялық жобаға қолдау ретінде алды. Бұл қаржыландыру нарықта пайда болатын жаңа терапиялық препараттардың арқасында пациенттерге нақты пайда әкелетінін атап өту маңызды. Adamed жасаған инновациялық әрекеттердің кең ауқымы компанияда ЕО құрылымдық қорлары мен ұлттық ресурс көздерінен белсенді түрде қолдау іздейтін арнайы топтың құрылуына негіз болды.

Отбасы үшін жасалды


Adamed отбасымен жаќсыраќ танысу



Толыѓыраќ оќу