R&D қызметкері
Зерттеу және дамыту
Біз инновацияға сенеміз
Біз бүкіл әлемдегі емделушілер үшін жаңа тиімді және қауіпсіз емді іздейміз.
Adamed компаниясындағы инновация дегеніміз – тек түпнұсқа дәрі-дәрмектерді іздеп қана қоймай, сонымен бірге қолданыстағы өнімдер мен емдеу әдістерін жетілдіріп, жаңа технологияларды қолдана отырып, басқарудың жаңа бағыттарын, жаңа дәрі түрлерін, жаңа көрсеткіштер мен құрамы аралас дәрі-дәрмектерді, яғни, бір таблеткада бірнеше белсенді қоспалары бар дәрілерді жетілдіру.Қазіргі уақытта бізде бірнеше ондаған молекулалар бар. Бұл дәрі-дәрмектердің қомақты үлесін қосылған құны бар дәрілер құрайды.
Біз R&D консорциумын озық университеттермен және зерттеу институттарымен құрдық.
2001 жылы Adamed штаб-пәтерінде түпнұсқа дәрілерді әзірлеуге жалданған ғалымдардың бірінші тобы құрылды. Алдыңғы қатарлы құралдардың қолжетімділігімен қоса, біздің біліміміз бен тәжірибеміз медицина мен фармацияны дамытуға маңызды үлес қосуға мүмкіндік береді.
Зерттеу және дамыту орталығы
Заманауи зерттеу және дамыту орталығы – бұл Польшадағы инновациялық талпыныстардың жүрегі. Бұл орталық Еуропадағы ең алдыңғы қатарлы зерттеу орталықтарының бірі болып табылады. Осы орталықта жүзеге асырылатын ғылыми-зерттеу жобаларының мақсаты – кірісі мол және түпнұсқа дәрілік заттарды жасау үшін органикалық синтезді, жаңа технологияларды және физикалық-химиялық анализді қолдану. Бұл орталық жобаларды зертханалық және жартылай өнеркәсіптік кезеңдерде жүзеге асырады, бұл технологияны Adamed өндіріс орындарына енгізуге мүмкіндік береді. Біздің ғылыми-зерттеу зертханаларындағы мамандарымыз негізгі және түпнұқа дәрі түрлерін жасау үшін ең жаңа технологиялық жетістіктер мен заманауи жабдықтарды пайдаланады.
Тәжірибелік зауыт
2017 жылы біз жүзеге асырған маңызды инвестициялық жобалардың бірі – тәжірибелік ғылыми-өндірістік кешен болды. Инвестициялар Adamed компаниясындағы ғылыми зерттеуді және дамытуды жеделдетіп, оны жетілдірді.
Озық технологиялармен жабдықталған R&D тәжірибелік зауыты пациенттерге қажетті тиімділік пен қауіпсіздік профилін ұсынатын жоғары сапалы дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету үшін құнды өнім өндіруге және дәрілік заттардың инновациялық түрлерін жасауға пайдаланылуы мүмкін.