Украинадағы қарулы қақтығыс бір жылдан бері жалғасып келеді және де біз көмек көрсету шараларын тоқтатып жатқан жоқпыз
Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясына бір жыл өтсе де, соғыс қимылдары жалғасып жатқан аймақтарда әлі де көмек пен қолдау қажет. Бір жылдан бері Adamed Pharma компаниясының Украинадағы соғысқа байланысты көмек көрсету жұмысы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге басымдық беріп келеді.
Бүгінгі таңда Adamed Pharma Украинаға жалпы құны шамамен 14,5 миллион поляк злоты болатын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіп, медициналық көмек көрсетті. Дәрі-дәрмектеріміз алғашқы жөнелтімі Украинаға соғыстың алғашқы күндерінде-ақ Львов, Яворив, Ужгород, Мостыска, Киев және т.б. қалалардағы ауруханаларға жеткізілді.
«Adamed Pharma Ukraine» командасы ұрыс даласындағы сарбаздардың, сондай-ақ басып алынған аймақтарда үздіксіз медициналық көмекті қажет ететін бейбіт тұрғындардың өмірін сақтап қалатын дәрігер мен оларға көрсетілетін көмектің өте маңызды екенін түсінеді. Соғыстың басында Украинадағы дәріханалардың 20%-ы жабылған жағдайда әріптестеріміз дәрігерлермен күнделікті байланыста болып, қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың психикалық денсаулығына, отбасыларына қамқорлық жасап, қолдау көрсетті, сондай-ақ тұрақты қарым-қатынас орнатып, олардың рухын көтеріп отырды.
Adamed Pharma көптеген салаларда көмек қажет екенін біледі және басты назарын дәрі-дәрмек қауіпсіздігіне бағыттағанымен, басқа да көмек көрсету шараларын да қолдайды. Қаржылық қайырымдылықтарымыз келесі қызметтерді қолдап келеді: Поляк медициналық миссиясы (Polish Medical Mission), SOS балалар ауылдары қауымдастығы (the SOS Children’s Villages Association) және поляк психиатрлар қауымдастығы (Polish Psychiatric Association).
Біз Польшадағы кішкентай және жасөспірім босқындардың қалыпты ортаға қайта бейімделуін белсенді түрде қолдаймыз. Өткен жылы біз поляк мектептерінде білім ала бастаған украиналық балаларға 2100 мектеп жинағын сыйға тартқан болатынбыз. Оқу жинақтары Варшавадағы, сондай-ақ Любельские және Подкарпакье аймақтарындағы балаларға берілді.
Сонымен қатар, біз білім беруге, дамытуға және тілге қатысты кедергілерді жою бағытында көмек көрсетеміз. Adamed қоры «ADAMED SmartUp» бағдарламасының негізінде әзірленген украин тіліндегі оқу құралдарын ұсынды. YouTube сайтында нақты және жаратылыстану ғылымдарына қатысты таңдалған тақырыптардағы ресурстарды қамтитын «ADAMED SmartUp академиясы украин субтитрлері бар» атты ойнату тізімін табуға болады. Олар 14-19 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жас адамдарға арналған және оқушыларға да, мұғалімдерге де пайдасы зор.
Сондай-ақ біздің қызметіміздің халықаралық сипатын ескере отырып, соғыс басталғаннан бері Adamed украиндық әріптестері мен олардың отбасыларына қамқорлық жасап келеді. Оларға күнкөріс, материалдық және психологиялық көмек көрсетілуде. Соғыс аймақтарында болған немесе әлі де сол жердегі серіктестерге және олардың отбасыларына, сондай-ақ Adamed компаниясында күнделікті жұмыс істейтіндерге (соның ішінде Пабианицедегі өндірістік және логистикалық орталықта) қолдау көрсетіледі. Ұйымның ішінде Adamed компаниясының қызметкерлері соғыстың алғашқы күндерінен бастап, Украиндық отбасыларға, сондай-ақ Adamed компаниясында жұмыс істейтіндерге арналған қажетті заттарды жинауды, сондай-ақ волонтерлік қызметті үйлестіріп, көлік пен жататын орындарды ұйымдастырып келеді.
Украинадағы соғыс қимылдарының жалғасуына қарамастан, Adamed Pharma көмек көрсету жұмыстарын тоқтатпайды. Біз бұл мәселе бойынша әлі де мемлекеттік мекемелермен немесе қоғамдық ұйымдармен байланыстамыз.
Біз өз күшімізді Украинаға көмектесуге жұмсай отырып, Польшада дәрі-дәрмектің қолжетімділігін бақылауға да үнемі назар аударып отырамыз. Қазіргі қоғамдық-саяси жағдай мен Украина аумағында жалғасып жатқан соғыс қимылдары жағдайында біз қауіпсіздік пен тұрақты халықаралық бейбітшіліктің негізгі құндылықтарын, сондай-ақ денсаулық пен адам өміріне қарсы күш пен зорлық-зомбылық қолдануға қарсы тұруды күн сайын есімізде сақтап отырамыз.